247
Өскемен тұрғынының төлемеген алименті 10 млн теңгеден асып кеткен
Жақын арада сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады
Шығыс Қазақстан облысында ер адамның баласына алимент бойынша қарызы 10 млн теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен қаласында полицейлер 2011 жылдан бері кәмелетке толмаған баласына алимент төлемеген 40 жастағы ер адамды анықтаған. Оның берешегі 10 миллион теңгеден асады.
Көші-қон қызметіне хабарласқан жеке сот орындаушысының қаулысымен алимент өндірушіге сот шешімін орындамағаны үшін іздеу жарияланған. Тәртіп сақшылары борышкердің қайда екенін анықтады. Енді жақын арада сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады, - делінген ақпаратта.
Жалпы, биыл жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полицейлері баласына алимент төлемей жүрген 35 адамды анықтаған.