Астаналық паражүзушілер АҚШ-та топ жарды

Астаналық паражүзушілер АҚШ-та топ жарды
496

Қазақстандық паражүзушілер АҚШ-тың Орландо қаласында ерекше қажеттілігі бар атлеттер арасында өткен АҚШ ашық чемпионатында 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде иеленді.

Аталған жарысқа үш санаттағы, атап айтсақ, интеллектуалдық даму ерекшелік­тері бар, Даун синдромы және аутизмге шалдыққан атлеттер қатысты. 
Биыл Қазақстан пара атлеттері аталған біріншілікте алғаш рет бақ сынады. АҚШ, Ка­нада, Колумбия, Мексика, Жапония, Португалия, Аустралия, Польша және Қазақ­станнан келген 100-ге жуық спортшы өзара кім мықтыны анықтады. 
Өз санаты бойынша кілең мықтылар жиналған бұл бәсекеде Қазақстан намысын екі ас­таналық атлет Валерий Югай мен Алпамыс Әмір қорғады. Қос атлет те тартысқа толы жарыста топ жарып, түрлі дисциплинада жеңісті қолдан бермей, жүлдегер атан­ды. Жарыс қорытындысы бойынша, 17 & Under санатында бақ сынаған Валерий Югай 50 м, 100 м, 400 метрге еркін жүзу сайысында 3 алтын, ал 200 метрге еркін жүзу жарысында 1 күміс жүлдені иеленді. Ал Алпамыс Әмір 18 & Over санатында 50 м, 400 м, 800 метрге еркін жүзу бәсекесінде 3 қола жүлде жеңіп алды.
Білікті бапкер Ернұр Сайлаубектің айтуынша, оның шәкірттері халықаралық аре­нада ел намысын абыроймен қорғап, мұндай жетістікке жету үшін тыңғылықты дайын­дық жұмыстарын жүргізген. 
«Біз пара атлеттеріміздің іріктеуден іркілмей өтіп, барлық дисциплина бойынша өт­кен финалдық жарыстарда сәтті өнер көрсеткенін мақтан етеміз. Ендігі кезекте ко­манда 2025 жылы Таиландта өтетін Virtus әлем чемпионаты мен Ташкентте ұйым­дастырылатын жасөспірімдер арасындағы Пара Азиада ойындарына дайындалады» – дейді Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федера­циясының президенті Дина Темірғалиева.
Еске сала кетейік, Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы 2022 жылы ақпан айында құрылған. Бүгінде Қазақстанның 13 аймағында филиалы бар.

Серіктес жаңалықтары