Мосулдың батысындағы жарылыстан 100-ден астам адам қаза тапты

Мосулдың батысындағы жарылыстан 100-ден астам адам қаза тапты

Мосулдың батысындағы жарылыстан 100-ден астам адам қаза тапты
ашық дереккөзі
225
Мосулдың батысындағы тұрғын ауданда болған жарылыстан 100-ден астам адам қаза тапты. Бригада генералы Мұхаммад әл-Джабуридің мәлімдеуінше, Мосул-әл-Джадида ауданындағы жарылыс орнынан 108 адамның денесі шығарылған. Бұл ауданда Ирактың үкімет әскері "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының содырларымен соғысып жатыр.
Джабуридің айтуынша, жарылғыш затты содырлар қойып кеткен. "Мосул көзі" тәуелсіз ұйымының хабарлауынша, ИМ содырлары бейбіт тұрғындарды үш үйге қамап, көшеге екі жарылғыш орнатқан, ал үйлердің шатырларына мергендер қойған. Ұйым жарылыстан 130 адам қаза тапты деп хабарлады. АҚШ қолдау көрсетіп отырған Ирактың үкімет әскері биыл қаңтарда Мосулдың шығысын жаулап алды. Атыс төрт айға созылды. 19 ақпаннан бері олар Мосулдың батысында соғыса бастады. Мұнда Ирактағы экстремистік топтардың соңғы күші бекінген. Жарылыс 22 наурызда болды. БҰҰ өкілдерінің хабарлауынша, Мосулдың батысында шамамен 400 мың бейбіт тұрғын бар. Олар су мен азық-түлік тапшылығын көріп отыр.

Серіктес жаңалықтары