Жапонияда күйзелістен арылу үшін табытқа жату трендке айналып келеді

Жапонияда күйзелістен арылу үшін табытқа жату трендке айналып келеді
сурет: Photo: SCMP composite/Sohu/Facebook
426

Жапондықтар стрессті жеңілдетудің ерекше тәсілін ұсынды. 120 жылдық тарихы бар жерлеу бюросы қызықты қызмет көрсетеді: ақшасын төлеп, табытқа жатып, ойлануға болады.  

Бұл қызметті күйзеліп жүргендер пайдаланады екен. Олар өзіне ұнайтын табытты таңдап, ішіне жатады және «өмір мен өлім туралы» ойланады.  

Табыттан шығу қайта тууды немесе өмірді жаңадан бастауды бейнелеуі мүмкін. Клиенттер бізден кеткен соң, бәрін қайта бастауға дайын екендерін сезінеді, – дейді агенттік басшысы.  

Бұл ерекше тәжірибе көптеген жапондықтарға рухани демалып, жаңа өмірге қадам жасауға ықпал етіп отыр.

Серіктес жаңалықтары