Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі
543

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының шеңберінде №11 КММ-де Қазақстанның Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шара Отан қорғаушы батырдың есімін еске алып, құрмет білдіруге ниет еткен оқушыларды, педагогтерді және құрметті қонақтарды жинады. Аталған шараның мақсаты – оқушыларды өз елінің тарихымен таныстыру, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, белсенді өмір салтын қалыптастыру.

Іс-шараға АЭЕО әдіскері Әділхан  Шаяхметов, Алматы қаласы Түрксіб ауданы қорғаныс Басқармасы бастығының орынбасары Еркебулан Доскен, спорт шебері, 4500-ден аса парашютпен секірген, жерге қонудың дәлдігі жөнінен Қазақстан рекордын орнатушы, парашют спорты бойынша 3 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, ҚР абсалютті чемпионы, Азия мен Океанияның  көп мәрте чемпионы Бибігүл Рамазанова, подполковник, Иракта болған әскери қызметкерлердің төрағасы, Айбын орденінің иегері Марат Қанатов, интернационал-жауынгер, подполковник Авуджан Амраев, аға-лейтенат, Тәжікстандағы локалды әскери әрекеттерге қатысушы, қазір №89 ЖББМ мұғалім-ұйымдастырушысы Муззапаров Тельман, №85 ЖББМ АӘЕД мұғалім-ұйымдастырушысы Бауыржан Жикеев, аға-лейтенат Диас Махмут пен 3 санатты сержан, 61993 әскери бөлімінің әскери қызметкері Азамат Имаханов сияқты құрметті қонақтар мен мектеп мұғалімдері, сондай-ақ оқушылары атсалысты.

Шара мектеп директоры С. Ағыбаеваның сәлемдеме сөзімен басталды. ҚР гимні орындалды. Кейінгі сөз АӘД пәні мұғалімі және «Патриот» клубының жетекшісі, подполковник И. Клюйге берілді. Қатысушылар мен қонақтар ерлік пен отансүйгіштіктің символы болған Р.Қошқарбаевтың өмірбаянымен танысты. Р.Қошқарбаев 1923 жылы Қазақстанда дүниеге келгені белгілі. Соғыс басталысымен өз еркімен майданға аттанып, ерлік пен жанкештілік көрсетті. Оның өмірінің ең елеулі кезеңі, бірінші болып Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Берлин үшін шайқастарға дөп келді.

Қазақ халқының даңқты ұлы Р.Қошқарбаевтың мерейтойын тойлау бағдарламасында патриоттық әндер шырқалып, оқушылар ҰОС батырына арналған өлеңдер оқыған концертке ұласты.  №78 мектеп оқушылары «сарбаз» клубының қатысушылары қолма-қол шабуыл қойылымын көрсетті.

Сонымен қатар мектеп тирінің ашылу салтанаты болды, онда спорт шебері Б. Рамазанова сөз сөйледі. №71, №32, №170, №11 ЖББМ оқушыларынан құралған команда қатысушылары арасында АК-74 – толық және толық емес бөлшектеу, пневматикалық мылтық ату, арқан тарту, көлденең ағаштан тартылу сичқты бірқатар әскери спорттық жарыс өтті.

Тарихи шара бізге бейбіт өмір сайлаған батырларға тағзым ету атмосферасында өтті.

Шара соңында ӘДЕД бойынша АББ әдіскері А. Шаяхметов шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен қатысушылардың жауапкершілікпен дайындалғанына тоқталды. «Отанымыздың болашақ қорғаушыларына үлгі ретінде Р.Қошқарбаевтың ерлігі жайлы айтылды», – деді Алматы қаласы Түрксіб ауданы қорғаныс ісі жөніндегі Басқарма бастығының орынбасары Еркебулан Доскен.

Мектеп директоры, қонақтар мен әскери дайындық мұғалімдері жарыс жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтарымен марапаттады.

 

Нұрай Сейтмұратқызы

Серіктес жаңалықтары