426
Есік қаласында 18 жастағы көлік жүргізушісі 4 адамды қағып кетті (ВИДЕО)
Төрт адамды қағып, жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды.
14 қарашада анықталмаған жүргізуші Есік қаласы Алтын адам аллеясы көшесімен келе жатып, төрт жаяу жүргіншіні қағып, кейін жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Жол апаты салдарынан 16 жасар қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Жол-көлік оқиға фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сенсек, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.