Павлодар тұрғыны 15 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Павлодар тұрғыны 15 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді
Primeminster.kz
326

Павлодар облысының тұрғыны оқушы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews.kz мәліметінше, Павлодар облысының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілі Сәуле Шәкенева күдікті Баянауыл ауданындағы ауылдық мектептердің бірінде оқитын 15 жастағы оқушының өгей әкесі болып шыққанын хабарлаған.

"Бұл факт оқушының жағдайына назар аударып, оны қадағалап, үйіне барып, бақылау жүргізген сынып жетекшісінің арқасында ашылып отыр. Ол алгоритм бойынша әрекет етіп, жағдайға кінәліні табуға жәрдемдесті", - деді Шәкенева.

Полиция бұл ақпаратты растады.

"Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары