Ертең бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ертең бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
istockphoto.com
282

"Қазгидромет" 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз күші 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Серіктес жаңалықтары