366
Жамбыл облысында полиция қызметкері әріптесіне оқ атты
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жамбыл облысында полиция қызметкері қызмет бабында әріптесіне оқ атқан, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.
Өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми пікірді ұсынды.
«16 қарашада патрульдеу кезінде қызметтік автокөлікте қаруды абайсыз пайдалану салдарынан бір қызметкер екіншісінің арқасына кездейсоқ оқ атты», – делінген хабарламада.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Зардап шеккен адам Қордай аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп түсіндірді ведомстводан.
Полиция қызметкерлері қызметтік тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.