Тұман, көктайғақ, жел: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

Тұман, көктайғақ, жел: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
istockphoto.com
212

17 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде күн райының өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды.

Болжам бойынша, Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбе облысыныңбатысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Маңғыстау облысыныңсолтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз күші 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысыныңоңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қарағанды облысыныңшығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысыныңбатысында, солтүстігінде, орталығында тұман.

Серіктес жаңалықтары