Бішкекте болған ұшақ апатының себебі анықталды

Бішкекте болған ұшақ апатының себебі анықталды

Бішкекте болған ұшақ апатының себебі анықталды
ашық дереккөзі
285
Халықаралық авиация комитеті Бішкек маңында жүк тасымалдайтын ұшақтың не себепті апатқа ұшырағанын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Алдын ала қорытынды бойынша, қонуға бағыт алған ұшақ екінші айналымға өте кеш шыққан. Сөйтіп қайта көтерілуге мүмкіндік беретін биіктіктен төмендеп кетіп, жердің биіктеу дөңесіне соғылған. Еске сала кетейік, Түркия әуе компанияларының біріне тиесілі Boeing 747 ұшағы осы жылдың 16 қаңтарында «Манас» әуежайының маңындағы елді мекеннің үстіне құлаған еді. Апаттан тұрғындар мен экипаж мүшелерін қосқанда 39 адам мерт болған.  

Серіктес жаңалықтары