170
Астанадағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы Астана ТЖД баспасөз қызметі хабарлады
Астанада төрт баланың өмірін қиған жантүршігерлік өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Астана ТЖД баспасөз қызметі.
Балалардың өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке меншік екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің тергеу бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу қорытындысы тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады, – деп хабарлады Астана қаласы ТЖД-дағылар.