237
Павлодар тұрғыны шаңғы тебемін деп мұз астына түсіп кетті
Жергілікті жерде медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызу қажет болмады
17 қарашада Павлодарда Ертіс өзенінде 1960 жылы туған ер адам өзен вокзалы ауданында шаңғы тебу кезінде мұз астына құлап кетті.
Zakon.kz мәліметінше, ер адам судан өздігінен шыға алды.
Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының, сондай-ақ 102 және 103 қызметтерінің қызметкерлері жедел жетті.
Жергілікті жерде медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызу қажет болмады.
Ер адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12 922 теңге көлемінде айыппұл салынды.