Тұман түсіп, жел соғады: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

18 қарашада Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады

Тұман түсіп, жел соғады: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
istockphoto.com
126

«Қазгидромет» РМК 18 қараша күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігіне, таулы аудандарына тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. 

18 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы екінші дәрежелі ескерту сақталып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

18 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарында да осыған ұқсас ауа райы болады деп болжанды. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігіне, таулы және тау бөктерлі аудандарына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында екпіні – 15-20 м/с.

18 қарашада Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. 

Серіктес жаңалықтары