Қандай адамдарға ет жеуге болмайды – дәрігер кеңесі

Тіпті сау адамның да етті аптасына бір-екі реттен көп жемеуі керек

Қандай адамдарға ет жеуге болмайды – дәрігер кеңесі
istockphoto.com
463

Люберцы облыстық ауруханасының гастроэнтерологы Светлана Ильяшенко кей адам үшін қызыл еттің зиян екенін айтты, деп хабарлайды Lenta.ru.

Дәрігер тұз байлану ауруына (подагра) шалдыққандарды қызыл еттен мүлде бас тартуға шақырды. Оның айтуынша, бұл аурумен ауыратын науқастар үшін етті күнделікті диетаға қосуға болатын тауық, күркетауық немесе балық сияқты ақ тағамдармен алмастырған дұрыс.

Сондай-ақ гастроэнтеролог тіпті сау адамның да етті аптасына бір-екі реттен көп жемеу керектігін атап өтті.

Десе де қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда бұл өнімнен толығымен бас тартуға болмайды. Өйткені оның құрамында темір және В дәрумендері сияқты денсаулық үшін маңызды заттар да бар, - деп түсіндірді Светлана Ильяшенко.

Серіктес жаңалықтары