Құлаққапты күніне 4 сағаттан артық пайдалану ми қызметін бұзады – зерттеу

Құлаққапты күніне 4 сағаттан артық пайдалану ми қызметін бұзады – зерттеу
сурет: istockphoto.com
322

Мельбурн неврология институты мен Стэнфорд университетінің ғалымдары күніне 4 сағаттан артық құлаққап киіп жүру мидың қызметінде қайтымсыз өзгерістерге әкелетінін анықтады. Бұл зерттеудің нәтижелері The Lancet журналында жарияланды.

Зерттеуге 18-35 жас аралығындағы 1 800 ерікті қатысқан. Ғалымдар қатысушылардан наушникпен музыка тыңдау жиілігін сұрап, кейін олардың денсаулық жағдайы туралы сауалнама толтыруларын сұрады.

Нәтижелер көрсеткендей, 4 сағаттан артық уақыт бойы құлаққап қолдану зейіннің төмендеуіне және алаңдаушылықтың артуына әкелген. Сонымен қатар, оларды үнемі пайдаланатын қатысушылар ұйқы сапасының төмендегенін жиі айтқан.

Ғалымдар үнемі дыбыстық стимулдардың ми ақпаратын өңдеу процесін бұзатынын түсіндірді. Олар кейбір жағдайларда когнитивтік функциялардың өзгеруі қайтымсыз болуы мүмкін екенін айтты.

 

Серіктес жаңалықтары