202
Ақтауда әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады
Ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«112_aktau» Instagram парақшасында Ақтаудағы дәмханалардың бірінде әйелді аяусыз ұрып-соққан ер адамның видеосы жарияланды.
«Әлеуметтік желіде Ақтауда орналасқан бір дәмхана алдында әйелді бірнеше рет ұрып, кейін басқа жаққа сүйреп алып кеткен видео таралды. Әелдің желідегі парақшасында таратып жатқан мәліметіне сүйенсек, бұл бірінші рет емес, осыған дейін ұқсас жағдайлар болған екен», - деп жазды видео авторы.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті дәмханада болған оқиғаға байланысты «патруль экипажы бұзақылық әрекеттердің алдын алды» деп жауап берді.
Олардың жеке басын анықтап, полицияға жеткізді.
«Ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді облыстық полицияда.