Майра Мұхамедқызы Норвегияда өнер көрсетті

Шетелдік қонақтар ұлттық өнерге тәнті болып, Шымкенттің гастрономиясын да тамашалады.

Майра Мұхамедқызы Норвегияда өнер көрсетті
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
175

13-15 қараша күндері Қазақстан Республикасының халық әртісі Майра Мұхамедқызы бастаған шығармашылық топ Норвегияның Осло және Берген қалаларында арнайы мәдени шара ұйымдастырды. 

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділ Қапанұлы Тұрсынов сөз сөйлеп, қазақстандық өнерпаздарды таныстырып, шараның маңыздылығын атап өтті. Мерекелік кешке Норвегияның мемлекеттік министрлері, мәдениет қайраткерлері, дипломатиялық корпус өкілдері және қазақ диаспорасы қатысты. 

Кеш аясында қазақтың халық әндері мен күйлерінен тұратын концерттік бағдарлама ұсынылды. Шетелдік қонақтар ұлттық өнерге тәнті болып, Шымкенттің гастрономиясын да тамашалады. 

Сонымен қатар, делегация жетекшісі Мөлдір Оңдасынованы Елші Әділ Тұрсынов ресми қабылдады. Кездесу барысында Шымкент пен Берген қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату мәселесі талқыланып, алдағы бірлескен жобалардың жоспары жасалды. 

Берген – Норвегияның ірі мәдени және іскерлік орталығы. Бұл серіктестік қарым-қатынас екі қала арасында мәдени-экономикалық байланысты нығайтып қана қоймай, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Қазақ мәдениетінің шет елде танылуы – ұлттық рух пен бірлікті әлемге паш етудің жарқын үлгісі.

Серіктес жаңалықтары