«Дәлелдеп жүретінмін»: Жұлдыз Өмірғали күйеуінің қызғанышы туралы айтты

Әнші бастапқыда оған сезімін дәлелдеу үшін барын салғанын айтты

«Дәлелдеп жүретінмін»: Жұлдыз Өмірғали күйеуінің қызғанышы туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден
382

Танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқын Төлепбергеннің қызғанышы туралы сыр шертті. Өнер иесі қызғаныш салдарынан жолдасы екеуінің арасында келіспеушіліктер болып тұратынын жасырмады.

Жұлдыз Өмірғали күйеуінің қатты қызғаншақ екенін "Өзіміз ғой" бағдарламасында айтты. Әнші бастапқыда оған сезімін дәлелдеу үшін барын салғанын алға тартты. Алайда уақыт өте келе қызғанышты қалыпты қабылдайтын болғанын жеткізді.

“Айқын қатты қызғанады. Бұған етім үйреніп кетті. Енді жылдар өткен сайын өзгеріп келеді. Алғашқы жылдары ондай кезде бәрін түсіндіріп, дәлелдеп жүретінмін. Кейін уақыт өте жүйке клеткаларым қалпына келмейтінін түсіндім. Шашыма ақ түсті. Екі бала өсті. Қазір ата-енеммен тұрамыз, бала-шағамның көзінше жылап-еңірегеннен пайда жоқ екенін түсіндім. Қазір барынша қалыпты қабылдаймын. 19 бен 29 арасы да осындай деп білемін. Қазір қарым-қатынас басқа деңгейге көтерілді", - деді Жұлдыз Өмірғали.

Серіктес жаңалықтары