Астанада пара дзюдодан халықаралық жарыс өтеді

Турнир барысында 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады.

Астанада пара дзюдодан халықаралық жарыс өтеді
ҰОК
170

Елордадағы Beeline Arena спорт кешенінде 23-24 қараша күндері пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді.

Қазақстан ұлттық құрамасының пара дзюдошылары Париж Паралимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алған. Енді санаулы айдан кейін қазақстандық спортшылар өз жанкүйерлерінің алдында шеберліктерін көрсетпек.

Турнир барысында 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Жарыстың басты ерекшелігі – жаңа Олимпиада цикліне байланысты салмақ дәрежелерінің өзгеруі. Ерлер енді 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі. Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада бағдарламасына кірмейтін екі салмақта (ерлер – 64 келі, әйелдер – 46 келі) жүлделер үлестірмек.

Бұл айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайтын болады. Олар:

  • Асылан Нұрдаулетов (73 кг);
  • Бауыржан Арыстанбеков (90 кг);
  • Ерболат Бекентаев (90 кг).

Серіктес жаңалықтары