Бетіне құлап кеткен: Ресейде 24 жастағы қыз әлеуметтік желіде отырып мұрнын сындарған

Бетіне құлап кеткен: Ресейде 24 жастағы қыз әлеуметтік желіде отырып мұрнын сындарған
сурет: istockphoto.com
481

Ресейдің Видный қаласының 24 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіні парақтап отырып, смартфонды қолында ұстап ұйықтап, мұрнын сындырған. 

Қыз ауруханаға мұрнындағы ауырсынуға шағымданып, медициналық көмекке жүгінген. Ол ұйықтап жатқанда, смартфон қолынан түсіп, бетіне құлаған. Нәтижесінде, мұрны сынған. 

Дәрігерлер диагноз қойып, операция жасап, сүйек бөліктерін орнына келтірген. 10 күннен кейін, ісік кеткен соң, операция сәтті өтті деп бағаланды – мұрын қалыпты көрініп, дұрыс жұмыс істеді.

Қыздың қолында қандай смартфон болғаны нақты айтылмады. Қазіргі заманғы смартфондардың орташа салмағы 170-230 грамм аралығында болады.

Серіктес жаңалықтары