15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігін тұман басады.

15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
сурет ашық дереккөзден алынды
303

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20 қарашада еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз көктайғақ.

Ұлытау облысының орталығында, шығысында кей уақыттарда қалың қар жауады. Көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында көктайғақ болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталықта, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, түнде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге, облыстың оңтүстігінде 23 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары