Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Тексеру кезінде күдіктілердің екі мал ұрлығына және аккумулятор ұрлығының екі дерегіне қатысы бар екені анықталды

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды
istockphoto.com
286

Түркістан облысында полиция қызметкерлері Шардара ауданында мал ұрлығын кәсіп еткен адамдар тобын құрықтады

Түркістан облысында полиция қызметкерлері Шардара ауданында мал ұрлығын кәсіп еткен адамдар тобын құрықтады.

Тексеру кезінде күдіктілердің екі мал ұрлығына және аккумулятор ұрлығының екі дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Күдіктілер түнгі уақытта қоралары үйлерінен алыс орналасқан көршілерінің мүлкін ұрлап, оны сатып, ақшаны бөліп алған. Олар қамауға алынып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрланған затты сатып алушылардан бірнеше қой мен аккумуляторлар тәркіленіп алынды.

Аталған қылмыс республикалық “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды. Қазіргі таңда мал ұрлығының алдын алу мен ашу мақсатында полицейлер ветеринариялық қызметтерді тарта отырып, ұрланған мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың ықтимал бағыттары бойынша күшейтілген блок-посттар қойды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын өткізу және сою орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары