193
ШҚО-да жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылып, 2 адам қаза тапты
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, «Вольво» жүк көлігі Самара облысында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш заттарды тасымалдаған.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Өскемен – Самара тас жолында жарылғыш зат тиелген жүк көлігі қозғалып келе жатып жарылған. Салдарынан екі адам қаза тапты.
Төтенше жағдай сағат 15.00 шамасында облыс орталығынан 75 шақырым жерде болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, «Вольво» жүк көлігі Самара облысында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш заттарды тасымалдаған.
Жарылыс салдарынан салондағы жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.
«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция департаменті .
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс жолда кратер жасап, өтіп бара жатқан бірнеше көлікті зақымдаған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жарылғыш заты бар жүк көлігі "Industrial Explosivers" ЖШС-не тиесілі.