245
"Қызметкерлер бақытты болса, жұмыс жақсы жүреді": Қытайдағы компанияның бірі кездесуге барған қызметкерлеріне ақша төлемек
Қытайдағы компанияның бірі қызметкерлеріне кездесуге барғаны үшін ақша төлемек.
Қытайлық Insta360 камера өндіруші компаниясы қызметкерлерінің жеке өмірінде бақытты болуы жұмыстың өнімді болуына әсер етеді деген ұстанымда. Сол себепті олар ерекше бастаманы қолға алды: танысу чаттарына анкета толтырғаны үшін қызметкерлерге ақы төленеді, ал 3 айға созылған қарым-қатынас үшін тағы бонус беріледі.
Бастаманы қызметкерлер қолдаған. Бір аптаның ішінде компания 500 анкета үшін сыйақы берген. Insta360 жеке өмірдегі үйлесімділік жұмыстағы табыстың кепілі деп сенеді.