Шардарада білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 3,7 млрд теңге ұрлаған

Қабылданған шаралармен жалпы сомасы 639,8 млн теңгеге залал өтелді және мүлікке тыйым салынды.

Шардарада білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 3,7 млрд теңге ұрлаған
скриншот
233

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

12 қатысушыдан тұратын тұрақты ұйымдасқан топ, оның ішінде бөлім басшылары мен олардың бағынысты бухгалтерлері білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару жолымен 2020-2023 жылдар кезеңінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенеді.

Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілді.

Қабылданған шаралармен жалпы сомасы 639,8 млн теңгеге залал өтелді және мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің аяқталуы туралы есеппен прокуратураға жіберілді, – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жымқыру тәуекелдерін барынша азайту мақсатында барлық өңірлерде бірыңғай бухгалтерлік есеп жүйесі енгізілгенін мәлімдеді. Бұл жоғары жалақы мен "жоқ жандарды" есептейтін, алаяқтықты уақтылы тоқтатуға, жалған деректердің енгізілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отырады. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексерілетін болады.

Серіктес жаңалықтары