Бокстан әлем чемпионы атанған Санжарәлі Бегалиевке қомақты сыйақы берілді

Қала әкімі жас спортшыға Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

Бокстан әлем чемпионы атанған Санжарәлі Бегалиевке қомақты сыйақы берілді
Шымкент әкімдігі
165

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Санжарәли Бегалиев пен оның жеке жаттықтырушысын марапаттады.

Әкім жас спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, оның жетістігі тек Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтатқанын атап өтті.

Кездесу барысында Санжарәлидің спорттағы жетістіктері, дайындық барысы және алдағы жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар, жаттықтырушының еңбегі жоғары бағаланып, оларды қолдау мақсатында тиісті көмек көрсету мәселелері сөз болды.

Қала әкімі жас спортшыға алдағы додаларда сәттілік тілеп, оған Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ, қала әкімінің алғыс хаты мен 4 млн теңге ақшалай сертификат табысталды. Санжарәли Бегалиев өз кезегінде көрсетілген қолдау үшін алғыс айтып, болашақта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысатынын айтты.

Еске сала кетейік, Будвада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Шымкент қаласының спортшысы Санжар-Али Бегалиев 75 келі салмақ дәрежесінде жалпы 5 кездесу өткізіп, алтыннан алқа тақты.

Серіктес жаңалықтары