Астана әкімі 4 баланың өмірін қиған өрт туралы айтты

Астана әкімі 4 баланың өмірін қиған өрт туралы айтты
instagram
290

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек бірер күн бұрын 4 баланың өмірін қиған өртке қатысты пікір білдірді.

«Бұл мәселені қарастырып жолын табамыз. Екінші отбасыға уақытша жатақхана берілді, әрі қарай бұл отбасымен қосымша жұмыс істейміз. Қазір олардың тұрғын үй мәселелері шешіліп жатыр. Өртенген үй коттедж. Екі отбасы жалдап тұрған», - деді Жеңіс Қасымбек бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесуі барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Еске сала кетейік, 17 қарашада Астанада жер үй өртеніп, төрт бала қайтыс болған еді.  Артынша, адам өмірін жалмаған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары