143
Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Мұндай шешім ауа-райының бұзылуына байланысты қабылданған.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы бүгін, яғни 21 қараша күні сағат 15:00-ден бастап «Екатеринбург – Алматы» тас жолында көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
Шектеу аталған автожолдың 1505-1610 шақырымында, яғни Новостройка ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін енгізілді.
Жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге жүруге болмайды.
Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00-де ашу жоспарланған.