«AMANAT» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған би үйірмесін қайта ашуға көмектеспек

Партия мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғайды

«AMANAT» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған би үйірмесін қайта ашуға көмектеспек
«AMANAT» партиясы
132

Петропавл қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» спорт клубының жанынан жұмыс істеп келген спорттық би үйірмесі жабылды. Оған қатысушылар санының аздығы себеп. Осыған байланысты аталған үйірмеге қатысып келгендердің бірі «AMANAT» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдауына жүгінді. Партия бұл мәселені шешуге белсене кірісіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен және шығармашылықпен айналысу құқығын қорғап жатыр.

23 жасар Мира Әбитова 2-ші топтағы мүгедек. Ол соңғы жылдары №13 мектепте би өнерімен шұғылданып келген. Бұл оған үлкен қуаныш сыйлап, дамуына айтарлықтай ықпал еткен. Алайда, аталған секцияның жабылуына басқа фактар себеп болуы мүмкін. Облыстық мәслихат депутаты Владимир Эрманның айтуына қарағанда, арбада орындалатын спорттық бал биі спортқа емес, мәдениет саласына жатады.

«Бұл секцияда шын мәнінде екі жұп қана шұғылданып келді. Алайда «Үміт» спорт клубы спорт басқармасына қарағандықтан спорттық бал биі бағыты енді бұл жерде болмайды. Сондай-ақ клубта би жаттықтырушысы жұмыс істей алмайды, өйткені ол мәдениет саласына жатады. Егер мәдениет басқармасы немесе қалалық мәдениет бөлімі бұл секцияны өз қамқорлығына алса бұл мәселені шешуге мүмкіндік бар», - деді Владимир Эрман.

Енді бұл мәселені аманаттықтар қолға алды. Аталған проблеманың шешудің бірден бір жолы - қалалық әкімдікке жүгіну. Партия өкілдерінің пікірінше, әкімдік тез арада бұл мәселені шешіп, би үйірмесіне орын табуға көмектесе алады.

«Қала әкімімен, әкімнің орынбасарымен сөйлесіп, ақылдасамыз. Арнайы жабдықтар мен арбалар бар, енді тек орын табу қажет. Қала әкімдігінде мәдениет пен спорт бір бөлімге біріктірілген бұл мәселені тез арада шешуге болады. Біз аталған проблеманы назарда ұстайтын боламыз», - деді «AMANAT» партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау барысында партия өкілдері мен мемлекеттік органдарға 4 адам жүгінді. Олар 2-ші топтағы мүгедектер үшін жұмыс уақытын қысқарту, мүгедектікті беру процесін жеделдету және гигиена құралдарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек сұрады.

 

Серіктес жаңалықтары