212
2025 жылғы қаңтар айындағы демалыс күндері өзгертілді
Аптасына бес күн жұмыс жасайтындар 1-4 қаңтар, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 1-3 қаңтар күндері демалады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрық дайындады. Бұйрыққа сәйкес, 2025 жылғы 1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді.
Ведомство мәліметінше, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар 1-3 қаңтар күндері демалады.
«Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда аптасына бес күндік жұмыс істейтіндер 14, 15, 16 желтоқсанда, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады. Сонымен қатар 2024 жылғы 30-31 желтоқсан жұмыс күндері.