Сағыз шайнау ас қорытуға көмектесіп, көңіл-күйді көтереді – зерттеу

Сағыз шайнау ас қорытуға көмектесіп, көңіл-күйді көтереді – зерттеу
сурет: istockphoto.com
345

Ресей ғалымдары қантсыз сағыздың пайдалы қасиеттері туралы айтып берді. Зерттеу нәтижесінде оның асқазанның ауырғанын жеңілдетіп, қан айналымын жақсартатыны және көңіл-күйді көтеретіні анықталды.

Зерттеуді Ресей медицина университеті, академик Е.А. Вагнер атындағы Пермь мемлекеттік медицина университеті және Маркетинг стратегияларын зерттеу және бейімдеу ұлттық институтының (НИИАМС) ғалымдары бірлесіп жүргізген. Олар 500-ге жуық ғылыми жарияланымдарды талдап, сағыздың тіс саулығын  сақтаудан бастап ас қорыту жүйесі мен эмоционалдық жағдайға дейін кеңінен әсер ететінін дәлелдеді.

Зерттеу нәтижесі бойынша, қантсыз сағызды күн сайын бір ай бойы шайнау тамақ қалдықтары мен микроорганизмдердің азаюына әкеліп, ауыз қуысының тазартады.

Ғалымдар сағыздың тіс саулығына тигізетін пайдасымен қатар, күйзеліс деңгейін төмендетіп, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартатын қасиеттеріне де назар аударуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары