Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

ҚазАвтоЖол қауіпсіздік ережелерін сақтап, сапарларды кейінге қалдыруға кеңес береді.

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
сурет ашық дереккөзден алынды
198

Қазақстанның бірнеше өңірлеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» мәлім етті.

2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-ден бастап, Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 36-200 шақырым аралығында (Софиевка ауылы – Павлодар облысының шекарасы) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектеледі.

Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы автожолының 1135-1367 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Атамекен ауылы);

Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 200-254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауылы);

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 0-231 шақырымы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).

19:00-ден бастап Павлодар облысымен шекаралас жолдарда келесі бағыттар бойынша барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Қызылорда-Павлодар автожолының 970-1135 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 231-324 шақырымы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Қарағанды облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты, 21 қараша күні 19:00-ден бастап «Қызылорда-Павлодар» автожолының 756-788 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Жаңаарқа ауылы) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылады.

Ауа райы тұрақтанған жағдайда, шектеулер 2024 жылғы 22 қарашада сағат 07:00-де алынады деп жоспарлануда.

Жүргізушілерді жолға шықпас бұрын өңірлердегі ауа райы болжамын және жолдардағы жағдайды қадағалап отыруға шақырамыз. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, сапарларды кейінге қалдыруға кеңес береміз.

Серіктес жаңалықтары