127
Өрт шыққан үйде қалып қойған көкшетаулық тұрғын құтқарылды
Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері өрттен бір адамды құтқарды.
Көкшетау қаласының Абай көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде үй заттары жанды, деп хабарлады turkystan.kz.
Шақыру орнына 3 минуттан кейін келген өрт сөндірушілер пәтерге автосатының көмегімен балкон арқылы кірген. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында 1985 жылы туған ер адам түтін басқан пәтерден құтқарылды. Кейін азаматқа жедел жәрдем көлігінің қызметкерлері көмекке келген.