Жер тарихта болмаған қарқынмен жылынып барады – ғалымдар дабыл қақты

Жер тарихта болмаған қарқынмен жылынып барады – ғалымдар дабыл қақты
сурет: istockphoto.com
502

1933 жылы американлық метеоролог Джозеф Кинсер қарапайым сұрақ қойды: климат өзгеріп жатыр ма? Сол сәттен бастап адамның климатқа әсерін түсінуге бағытталған зерттеулер басталды. Әлемнің әртүрлі нүктелеріндегі температуралық өлшеулерді талдай отырып, Кинсер жер шарының жылып жатқанын анықтады, бірақ бұл құбылыстың себебін нақтыламады.

1938 жылы британдық инженер Гай Каллендар Жердегі температураның соңғы 50 жылда шамамен 0,3°C-қа көтерілгенін көрсетті. Ол бұл жылынудың негізгі себебі ретінде көмір жағудан атмосфераға бөлінген көмірқышқыл газының артуын атады, бұл парниктік әсер теориясын одан әрі дамытты.

Бүгінде жердегі мыңдаған метеостанциялар, спутниктер және кемелерден алынған деректер ауа райы модельдерімен біріктіріліп, климаттың күн сайын және онжылдық сайын қалай өзгеріп жатқанын көрсетеді. Осы айда Әзірбайжанда БҰҰ-ның климаттық өзгерістер жөніндегі кезекті келіссөздері – COP29 саммиті өтуде. Бұл саммит, ғалымдардың айтуынша, әлемдік климат үшін қауіпті кезеңде өтіп жатыр.

2023 және 2024 жылдар бақылау тарихындағы ең ыстық жылдар ретінде тіркелді. Бұл кезеңдегі температура деңгейі өнеркәсіптік дәуірге дейінгі уақыттан 1,5°C-қа жоғары болды. Бір ғасырда температура тек 0,3°C-қа артқан болса, соңғы 60 жылда Жердің температурасы 1°C-қа жылдам көтерілді.

Климатологтарды соңғы екі жылдағы тұрақты жоғары температура таң қалдырды. Бірақ 2025 жыл 2024 жылмен салыстырғанда салқынырақ болуы мүмкін, себебі Тынық мұхитының тропикалық аймағында Ла-Нинья фазасына ауысу күтілуде. Бұл табиғи климаттық циклдің суық кезеңі саналады.

Ғалымдардың болжамы бойынша, алдағы 10 жыл ішінде орташа жаһандық жылыну деңгейі 1,5°C-тан асып түсуі мүмкін. Алдағы бірнеше жылдағы шешімдер жаһандық жылынуды 1,6°C немесе 1,7°C деңгейінде шектеу мүмкіндігін анықтайды. Егер тиісті шаралар қабылданбаса, температураның әрі қарай көтерілуі ауыр салдарға әкелуі ықтимал.

Рединг университетінің климат ғылымы профессоры Эд Хокинс бұл жағдайды былай деп қорытындылады:

– «Біз алдағы уақытта климаттық өзгерістердің әсерін азайту үшін жауапты шешімдер қабылдауымыз керек. Бұл біздің болашағымызды қауіпсіз етуге мүмкіндік береді».

Серіктес жаңалықтары