326
Алматы тұрғыны бірге тұрған келіншекті өртеп жіберген
Полиция ақпаратты растады.
Әлеуметтік желіде Алматыда ер адамның үйіне мас боп келіп, өзімен бірге тұрған келіншекті бензин құйып, өртеп жібергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның бұл іске баруына екеуара жанжал себеп болған. Беті күйген келіншек ауруханаға жеткізілген.
Полиция ақпаратты растады.
«Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деді ведомство.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.