Алматыда өртеніп жатқан пәтерден 7 жастағы бала құтқарылды

Алматыда ТЖМ қызметкерлері жанып жатқан пәтерден баланы құтқарды.

Алматыда өртеніп жатқан пәтерден 7 жастағы бала құтқарылды
Сурет: ТЖМ
250

Жетісу ауданы Айнабұлақ-3 шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Жетісу ауданы Айнабұлақ-3 шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

«Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 2017 жылы туған баланы құтқарды. Өрт 50 шаршы метр алаңда сөндірілді. Құтқарылған бала жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», — деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары