Оқушы қыз бен анасын ұрып өлтірген экс-мұғалімнің ісі ашық сотта қаралады

Оқушы қыз бен оның анасын айуандықпен өлтірген экс-мұғалімнің соты қалай өтетіні белгілі болды.

Оқушы қыз бен анасын ұрып өлтірген экс-мұғалімнің ісі ашық сотта қаралады
Сурет: otyrar.kz
435

Түркістан облыстық соты қоғамды дүр сілкіндірген іске қатысты сот процесі ашық өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Яғни, қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралады. Бүгінде алқабилер таңдалып та қойған. Айта кетсек, ер адамға 3 бірдей қылмыстық бап бойынша айып тағылып отыр.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі: «Іс материалдарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары сотталушыға қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу (ҚК 24-бабы 3-бөлігі), кәмелетке толмаған адамды зорлау (ҚК 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы), екi немесе одан көп адамды өлтіру (ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 10, 14-тармақтары) қылмыстық әрекеттері бойынша айып тағып, сотқа жолдаған. Сотталушының өтініш хаты бойынша іс алқабилердің қатысуымен ашық сот отырысында қаралуда»

Еске салсақ, 12 қыркүйек күні Келес ауданында жантүршігерлік қанды қылмыс болған еді. Маңайда тұратын ауыл тұрғыны шырт ұйқыда жатқан 46 жастағы әйел мен оның 15 жасар қызын өлтіріп кеткен. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, күдікті мұғалім болып қызмет атқарып жүріп оқушы қызға қырындаған. Мұны білген анасы педагогтың үстінен арыз түсіріпті. Жұмыстан қуылған ер адам екі бірдей адамнан кек алған көрінеді. Істің анық-қанығы енді сот процесінде белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары