150
Жылдың ең үздік комментаторлары мен спорт журналистері анықталды
БАҚ комиссиясы, Ермұхамед Мәулен бастаған арнайы жюри және Әділет Назарбайұлы дауыс берді
Астанада биылғы жылдың ең үздік спорт комментаторлары мен журналистері анықталды. Байқауды Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті Әділет Бәрменқұлов ұйымдастырды.
БАҚ комиссиясы, Ермұхамед Мәулен бастаған арнайы жюри және Әділет Назарбайұлы дауыс беріп, үздік үш комментатор анықталды.
ҚФФ бас хатшысы Андрей Дудин жеңімпаздарды марапаттап, ақшалай сыйақы табыстады:
- Әлімжан Асқар – 2 000 000 теңге;
- Ерсін Ерік – 1 000 000 теңге;
- Олжас Байбосын – 500 000 теңге.
Сондай-ақ үздік спорт журналистері де белгілі болды.
- Ербол Қайыров – 1 000 000;
- Есет Төлеш – 500 000;
- Бек Төлеу – 250 000 теңге.
Сонымен қатар «Бірінші Бол» медиа-жобасы жас комментаторларға арнайы марапат тағайындап, «Жыл жаңалығы» номинациясы мен 500 000 теңге ақшалай сыйды QazSport телеарнасының комментаторы Айбек Намазбаев алды.