Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды

Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
Sputnik / Максим Маслов
193

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

 

Серіктес жаңалықтары