141
Тұман, жел: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ертең ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын кең ауқымды антициклон жүреді.
Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің оңтүстік бөлігінде жел екпін алып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түркістан облысының тау асуларында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі.