158
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
Ақтау әуежайындағы оқиғадан кейін әуе компаниясына айыппұл салынғаны хабарланды
«Эйр Астана» тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ulysmedia.kz мәліметінше, Ақтау әуежайындағы оқиғадан кейін әуе компаниясына айыппұл салынғаны хабарланды.
Рейс 15 сағатқа кешіктіріліп, осы уақыт ішінде жолаушыларға қонақүй де, тамақ пен ана мен балаға арналған бөлме де, әуежайдан қалаға дейін көлік те берілмеген.
Жолаушылар Маңғыстау облыстық көлік прокуратурасына өтініш жазған. Қадағалау органының актісі бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 846 000 теңге айыппұл салынды.