Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді

200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді

Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Төтенше жағдайлар министрлігі
167

Алматыда жеке үй, гараж және монша өртенді, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Жетісу ауданы И.Крылов көшесіне, шақырту орнына жеткен өрт сөндірушілер монша, гараж және жеке үй өрттеніп, жалын көрші шаруашылық құрылысқа көшкенін анықтады", – делінген хабарламада.

200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары