130
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола жеңіп алды
Үшінші орын үшін тартыста Қазақстан құрамасы Франциядан 35:34 есебімен басым түсті.
Қазақстандық шпагашылар Ванкуверде (Канада) өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды.
Жүлдеге жету жолында қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасын - 45:31 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Италиядан - 45:28 есебімен айласын асырды. Алайда, отандастарымыз жартылай финалда Жапонияға қарсы 28:45 есебімен есе жіберді.
Үшінші орын үшін тартыста Қазақстан құрамасы Франциядан 35:34 есебімен басым түсті. Ал алтын жүлдені финалда Жапонияны жеңген Венгрия командасы иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының намысын Руслан Құрбанов, Элмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай қорғады.