ІІМ азаматтық алуға қатысты жалған ақпарат тарағанын ескертті

ІІМ осы саладағы интернет арқылы алаяқтықтың ықтимал жағдайлары туралы ескертеді.

ІІМ азаматтық алуға қатысты жалған ақпарат тарағанын ескертті
istockphoto.com
124

Интернетте ішкі істер органдарында бірқатар көші-қон қызметтерін алу, оның ішінде азаматтыққа қабылдау, құжаттарды жинау және ресімдеу қызметтерін көрсететін компаниялардың жарнамалары жариялануда. Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, тұрғындарға ескерту жасады.

Айта кету керек, бұл фирмалар азаматтықты да, жеке басын куәландыратын құжаттарды да бермейді. Осыған байланысты ІІМ осы саладағы интернет арқылы алаяқтықтың ықтимал жағдайлары туралы ескертеді.

Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірушілер ішкі істер органдарына жеке өзі жүгінуге тиіс. Бұл ретте құжаттартарды сенімхат бойынша немесе үшінші тұлғалар арқылы беруге тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары