166
Алаяқ 92 жастағы зейнеткердің 600 мың теңгесін алып кеткен
Ақшаны жұмсап жіберген.
Ақтөбеде алаяқ 92 жастағы ақсақалды алдап, қомақты қаражатын алып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алаяқ келіншек өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, ескі купюралардың жаңасы шығып жатқанын, ақшаны ауыстыру керегін айтқан. Әйелдің сөзіне сенген қария 600 мың теңгеден астам ақшасын оның қолына ұстатқан. Содан кейін ғана өзінің алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.
Күдікті әйел Алматының тұрғыны болып шықты. Ол полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Тергеу барысында тағы бір алаяқтық әрекетін мойындаған. Ал ақшаны өз қажетіне жұмсап үлгерген.