Биыл 600 мыңға жуық қазақстандықтың жалақысы 20 пайызға өседі

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал бойынша жұмыс істейтін қызметшіге әсер етеді.

Биыл 600 мыңға жуық қазақстандықтың жалақысы 20 пайызға өседі
istockphoto.com
386

Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға көтеріледі, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.

«Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді. Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды», — делінген министрлік хабарламасында.

 

Серіктес жаңалықтары