сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Ақтөбеде 600 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

/
Тексеру барысында 592 гектар егістік жер бірнеше жыл бойы пайдаланылмағаны анықталды

Мазмұны

    Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 600 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

    Министрлікке қарасты Жер ресурстарын басқару департаменті Мартөк ауданындағы шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында 592 гектар егістік жер бірнеше жыл бойы пайдаланылмағаны анықталды.

    Жер иесіне заңбұзушылықтарды жою және жерді игеру туралы міндетті нұсқама берілді. Алайда талаптар орындалмағандықтан, департамент Мартөк аудандық соты арқылы шаруашылыққа 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салды.

    Сонымен қатар Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің жерді мәжбүрлі түрде қайтарып алу туралы талап-арызын қанағаттандырды.

    Бөлісу: