1264
Мұғалімнің өзіне қол жұмсауы: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеруге кірісті
Атырау қалалық полиция департаменті мектеп мұғалімінің өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты түсініктеме берді.
«Ак Жайық» басылымының мәліметінше, полиция 38 жастағы әйелдің дәрі ішіп, өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлады. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеруге кірісті.
Бұл оқиғаға 10 қаңтарда Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы да түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккен әйел жедел жәрдем бригадасы арқылы медициналық мекемеге жеткізілген. Оған қажетті көмек көрсетілді, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан.