250
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Дерек бойынша, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағына қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын алып келеді.
Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда – қар жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі.